Елордада 8 қараша күні қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады

528

Дүйсенбі күні, 9 қарашада, автобустар қайтадан қатынайды.

Елордада 8 қараша күні қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады

Жексенбі күні, яғни 8 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді", – деп еске салады компания.

Айта кетсек, жолаушыларға жолақы төлеуде ыңғайлы болу үшін түрлі әдістер қарастырылған:

- көлік әмияны – ақшаны көлік картасына аудару;

- көлік билеті – бұл 10 сапарға арналған қағаз көлік картасы;

- "SMS арқылы төлем жасау" – ұялы байланыс операторы арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз электронды түрде төлеудің қосымша қызметі;

- "QR-код арқылы төлем жасау" – жолаушының банк картасымен байланысқан мобильдік қосымша арқылы немесе абоненттік нөмірдегі теңгерімнен аудару арқылы жүзеге асырылады;

- бірлескен брендтік карта – жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесінде пайдалануға арналған көлік картасының интеграцияланған чипі бар жеке банктік карта.

Сонымен қатар "ауысып отырумен15 сапар", "ауысып отырумен 30 сапар" тарифтері бар. Ауысып отырулар 60 минут қолжетімді және тек сапарлар санымен ғана байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу