Елордада 8 мың долларға жуық жалған купюралар тәркіленді

803

Күдікті қаржыны спорттық ойындарға ұтысқа тіккен.

Елордада 8 мың долларға жуық жалған купюралар тәркіленді

2021 жылғы 28 қазанда Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері жалған доллар өткізбек болған елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тергеу барысында күдікті бірнеше рет номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын жалған купюраларды спорттық ойындарға ұтысқа тіккені анықталды. Сондай-ақ оның екі сыбайласы ұсталды, олардың үйінен жалған 7,6 мың доллар табылды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Агенттік жалған банкноттарды анықтаған кезде, дереу сенім телефонына хабарлауға шақырады (+7 7172 708 478).

Жалған ақшаны анықтау қылмыс емес, бірақ мұндай банкнотты өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – деп ескертті ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу