Елордада 8 мың шаршы метр демалыс орны ретінде қайта жасалды

878

Аулалар мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстарының көп бөлігі аяқталды.  

Елордада 8 мың шаршы метр демалыс орны ретінде қайта жасалды

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Қала тұрғындары үшін 8 мың шаршы метр демалыс орны ретінде қайта жасалды. Көпір асты (Сарайшық даңғылы) 5 аумаққа бөлінді: баскетбол алаңы, балаларға арналған, work-out, сахнамен бишілерге арналған алаң, иогамен айналысу алаңы т.б. Сондай-ақ тамақтанатын орын қойылды.

Қабырғаларына балалардың түрлі спортпен айналысуына түрткі болуы үшін танымал спортшылардың муралы бейнеленді.

Бұдан бөлек, бұл жердің айналасындағы аумақ абаттандырылады. Қала тұрғындары теплоходпен серуендеуі үшін пирс қойылды. Әткеншек орнатылып, үлкен футбол алаңы салынды. Енді бетоннан скейт-парк салу жоспарланып отыр.
Алдағы уақытта бұл жерде жасыл бұрыш, көпфункционалды амфитеатр пайда болады.

Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ маңындағы көпір астында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерде тағы бір көпірасты кеңістік болады. Биыл барлығы 150 аула мен 50-ден аса қоғамдық кеңістік абаттандырылады (саябақтар, гүлбақтары, желекжолдар). Жұмыстың көп бөлігі аяқталды. Келесі жылдың тізімі жасалуда.

Мемлекет басшылығы бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлуде. Карантин бізге иммунитетімізді нығайту керектігін, спортпен шұғылданып, таза ауада көп жүру керектігін көрсетті", – деп жазды Алтай Көлгінов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу