Елордада 800-ден астам азамат әскери борышын өтеуге аттанды

1260

Олардың 300-і Қарулы Күштердің әскери бөлімдері қатарында қызмет ететін болады.

Елордада 800-ден астам азамат әскери борышын өтеуге аттанды

Нұр-Сұлтан қаласының жас сарбаздары ҚР Күштерінің Құрлық әскерлері "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің қатарына аттанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

800-ден астам азамат әскери борышын өтейді. Олардың 300-і Қарулы Күштердің әскери бөлімдері қатарында қызмет ететін болады.

"Бұл күндері "Ел тірегі – 2019" республикалық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде қызу жүріп жатыр. Қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери бөлімдерін жас толыммен толықтыруды аяқтадық", – деді Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының орынбасары Ақжолтай Уалиахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу