Елордада 9-сыныпқа дейін сабақ тоқтатылды

600

Қаладан шығатын барлық бағыттағы тас жолдар жабылды.

Елордада 9-сыныпқа дейін сабақ тоқтатылды

Нұр-Сұлтанда ақ түтек боран. Қаланың білім басқармасы екінші ауысымдағы 0-9 сыныптарға сабақты тоқтатты.

"17.01.2020 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды",– делінген хабарламада.

Ал бірінші ауысымда тек бастауыш сыныптарға сабақ өтпеді.

Айта кетсек, бүгін сондай-ақ қаладан шығатын барлық бағыттағы тас жолдар жабылып, қала маңына қатынайтын кей автобустың да қозғалысы да тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу