Абай даңғылы, 50 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдің қабырғасында қазақтың ұлы ақыны, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың портреті пайда болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мурал Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай "Байқоңыр" ауданы әкімдігінің қолдауымен салынды.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда короновирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер мен Ұлы Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлына арналған мурал салынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу