Елордада Әбу Насыр әл-Фараби ескерткіші ашылды

988

Монумент авторлары – Ә. Бүркітбаев, Д. Сарбасов, К. Бегулиев, А. Тоқбаев, Д. Үсенбаев. Гранит пен қоладан жасалған ескерткіштің биіктігі – 9,5 метр.

Елордада Әбу Насыр әл-Фараби ескерткіші ашылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында орнатылған монумент әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының жанында орналасқан, деп хабарлады inbusiness.kz  қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме. 

Ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, елорда әкімдігінің шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам және саяси қайраткерлер қатысты.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай биыл елордада мәдениет пен жалпы еліміздің дамуына үлкен үлес қосқан белгілі қазақ қайраткерлеріне арналған ескерткіштер жинағы ашылды. Бұған дейін қалада алашордашыларға, сондай-ақ Талғат Бигелдиновке, Дина Нұрпейісоваға, Қаныш Сәтпаевқа, Жұмабек Тәшеневке, Жақсылық Үшкемпіровке, Ыбырай Алтынсаринге ескерткіштер орнатылған болатын. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда күн сайын адамдардың өмірін құтқаратын өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің құрметіне монументтер орнатылды. Бұл жұмыс жастардың рухани, патриоттық және мәдени құндылықтарын насихаттау мақсатында жүргізіледі.

Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Әл-Фараби ескерткішінің ашылуы маска режимі, әлеуметтік қашықтық сияқты санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу