Елордада адам көп жиналатын орындарда дезинфекция жасалады

697

Қалалық қызметкерлермен бірге дезинфекциялауға әскери қызметшілер де қатысады. 

Елордада адам көп жиналатын орындарда дезинфекция жасалады Фото: astana.gov.kz

Елордада адам көп жиналатын орындарда дезинфекция жасалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Дезенфекция саябақтар, бақтар, жағалаулар, базарлар, сауда орындары, СОО/ТД және т.б. жерлерде жасалады. Қалалық қызметкерлермен бірге дезинфекциялауға әскери қызметшілер де қатысады. Дезинфекциялау жұмыстары жаяу тәртіпте де, арнайы машиналармен бүрку арқылы да жүргізіледі.

Қалалық санитарлық дәрігер Жанна Пралиеваның қаулысына сәйкес, СОО, базарлар, ТД және басқа да адам көп жиналатын орындадың басшылары дезинфекция жүргізуге тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусымда адам өміріне аса қажет дәріханалар мен азық- түлік дүкендері секілді объектілерден (жұмыс кестесі сағат 10-нан 17-ге дейін) басқа, барлық кәсіпорындардың жұмысы және қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ барлық қоғамдық орындар: саябақтар, бақтар, жағалаулар, жағажайлар және басқа да адамдар көп жиналатын орындар жабылады. 20-21 маусымда қала бойынша тұрғындардың жүріп- тұруы шектелген, тек жеке автокөлікпен жұмыс орнына дейін (қызмет етуге рұқсаты бар жағдайда) баруға, жақын маңдағы дәріханалар мен азық-түлік дүкендеріне шығуға, медициналық қызмет алуға ғана мүмкіндік бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу