Елордада "Адамзаттың Абайы" атты әдеби-музыкалық кеш өтті

417

Әдеби-музыкалық кешті өткізуге Қазақстанның халық әртістері қатысты. 

Елордада "Адамзаттың Абайы" атты әдеби-музыкалық кеш өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай "Жастар" театрында "Адамзаттың Абайы" әдеби-сазды кеш өтті.

Бұл іс-шараның негізгі міндеті жастардың классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту және Абай шығармаларында тұлғаның эстетикалық талғамы мен қасиеттерін насихаттау болып саналады.

Іс-шара барысында ақынның әндері шырқалып, қара сөздері мен өлеңдері оқылды. Сондай-ақ кәсіби театр қойылымдарының көмегімен ойшылдың шығармалары көрініс тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу