Елордада АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша 420 адам жедел тестілеуден өтті

438

1 желтоқсан ЖИТС-ке қарсы күрес күні болып аталып өтіп келеді.  

Елордада АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша 420 адам жедел тестілеуден өтті Фото: Google

Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында мекеме басшысы Сәбит Абдраимов елордада АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша өткен онкүндік туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әлем бойынша 1986 жылдан бері 1 желтоқсан ЖИТС-ке қарсы күрес күні болып аталып өтіп келеді. Осы датаға орай қаламызда 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында "Теңдік уақыты!" тақырыбы аясында онкүндік жарияланды. Науқан барысында қала тұрғындары, әсіресе, жастар арасында АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу және  АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қоғамдағы теңдігі мәселелеріне негізделген іс-шаралар өткізілді. Науқан кезінде екі мыңнан аса қала тұрғыны әр түрлі ақпаратпен қамтылып, соның ішінде 420 ерікті тұрғын АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті", – деді орталық басшысы Сәбит Абраимов.

Онкүндік аясында адамдар көп жиналатын орындарда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, базарларда, теміржол вокзалдарында АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша ірі акциялар өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу