Елордада әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

810

Елордада әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

12-17 мамырда "Дәулет" СК-де бокстан әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Шара мақсаты – боксты насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, Қазақстан әйелдер құрама командасын жасақтау үшін мықты боксшыларды анықтау.

Чемпионат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, "Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы" ММ, Астана қаласының бокс федерациясының қолдауымен өткізіледі.

Біріншілік AIBA ережесіне сәйкес 10 салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Ұйымдастырушылардың таратқан ақпаратына қарағанда, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталатын болады.

Жарыстың ашылу салтанаты: 13 мамыр сағат 16:00.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу