Елордада әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту мәселесі талқыланды

756

Жиынға 300-ге жуық кәсіпкер әйел қатысты.

Елордада әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның солтүстік облыстарында "Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру" тақырыбында өңірлік форум өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Іс-шараға Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері,

Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының басшылығы, халықаралық ұйымдар мен қоғам белсенділер қатысты. Жиында ауылдарды дамыту, олардың дамуына жағдай жасау, экономикалық белсенділікті арттыру, ауылдардағы жұмыспен қамту мәселесін шешу, әйелдердің өз кәсібін ашуға жаңа мүмкіндіктер беру мәселелері талқыға салынды.

Форумда Қазақстан ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы, бұрынғы мәжіліс депутаты Майра Айсина ауыл әйелдерінің отандық кәсіпкерлікті дамытудағы рөліне тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру керегін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов өңірлер жеке кәсібін ашқысы келетін әйелдер саны артып келе жатқанын жеткізді.

"Бүгінде облыстағы шағын және орта бизнес субъектілер саны 30,6 мыңнан асатын болса, оның 12,7 мыңын әйелдер басқарады, яғни кәсіпкерліктегі әйелдердің үлесі – 42%", – деді өңір басшысының орынбасары.

Айта кетейік, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы ұлттық жобаны жүзеге асыруға 6,5 млрд теңге бөлінген.

Еске салайық, ауыл әйелдерінің форумы алғаш рет 2018 жылы ұйымдастырылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу