Экономика, HR, маркетинг және әлеуметтік кәсіпкерлік, кооперация, үнемді технологиялар салаларының белді мамандары Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының мамандарына дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөліспек. Әсіресе бұл тренингтерде әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы ерекшіліктерге аса назар аударылмақ.
Оқыту курсында келесі тақырыптарда тренингтер өтетін болады:
- Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарында көрсетілетін қызмет түрлерінің стандарттарына қатысты тренингтер;
- Краудинвестинг және краудфандинг тақырыбында тренингтер;
- Әйелдер кәсіпкерлігіндегі гендерлік аспектілер;
- Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері;
- Үнемді технологиялар негізіне қатысты шеберлік сағат және т.б. тақырыпта тренингтер өтеді.
Тренинг барысында елімізде әйелдер кәсіпкерлігінің ерекшелігі, жаңа трендтер және шағын бизнестің мәселелері жайлы ақпарат алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ жаңадан ашылып, өңірлерде енді іске қосылып жатқан Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының жұмысы жайлы кеңінен ақпарат алуға болады.
Естеріңізге салсақ, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары "Ынтымақтастық қоры" аясында, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және "Атамекен" ҰКП серіктестігі аясында еліміздің 14 өңірінде ашылған. Әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың алғашқы үш орталығы 2021 жылғы қаңтар-қазанда Түркістан, Алматы және Маңғыстау облыстарында ашылды. Бұл бастама Азия Даму Банкінің қаражаты есебінен қаржыландырылады және оны Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы және "Атамекен" ҚР ҰКП жүзеге асыруда.
Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарының мамандарын оқыту "БҰҰ-Әйелдер" Құрылымы қаражаты есебінен ұйымдастырылып отыр.
Іс-шараның күні, уақыты: 27-28 сәуір, сағат 9.00-ден 18.30 аралығында
Аталған іс-шараның өтетін мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Қорғалжын т.ж., 2а, "Думан" қонақүйі, "Дипломат" залы.
Байланыс мәліметтері: +7 775 600 7713 Нұргүл Мұсабекова, +77057419069 Әйгерім Тарбағатаева.