Елордада әйелін қорлаған ер адам жауапқа тартылды

434

31 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды.  

Елордада әйелін қорлаған ер адам жауапқа тартылды Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейді. 

Мәселен, Байқоңыр ауданының учаскелік полиция инспекторы елорданың 31 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғады. 

Полицияға аталған азаматтың жұбайынан жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Сәуір айында жанжалқорға қатысты мінез-құлыққа ерекше талап қойылғанына қарамастан, ер адам өз үйінде тағы да ұрыс шығарып, жәбірленушіні қорлаған. 

Қазіргі уақытта іс материалдары шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді. Заңнамаға сәйкес ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу, ескертуге не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға алып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу