Елордада аймақтық ауыл шаруашылық жәрмеңкелер өтеді

814

Елордада аймақтық ауыл шаруашылық жәрмеңкелер өтеді

2017 жылдың 13 мамырынан 1 қазанына дейін "Қазақстан" СК және "Алай" СОСО автотұрақ алаңдарында өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізу кезеңінде азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында өңірлік ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.

Жәрмеңкелерді өткізу орындары ретінде "Қазақстан" СК және "Алай" СОСО-ның автотұрақ алаңдары белгіленді.

30 мың тоннадан астам өнім ұсынылады, ең алдымен, жылқы еті, сиыр еті, құс еті, сүт өнімдері, жарма түрлері, қант, бал, балық және т.б.

Сондай-ақ, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, шараның музыкалық сүйемелдеуін облыстардың шығармашылық ұжымдары қамтамасыз етеді.

Жәрмеңке екі күн қатарынан өткізіледі, елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін нарық бағасынан 15-20%-ға арзанға сатып ала алады.

2017 жылдың 13-14 мамырында дәстүрлі өңірлік жәрмеңкелер маусымын Атырау, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары ашады, олан кейін кесте бойынша өткізіледі (жәрмеңкелердің кестесі тіркелген).

Үш жәрмеңкеге облыстардың барлық аудандарының 190 өңлеу кәсіпорны мен ауыл шаруашылық құрылымдары қатысады. 300 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу жоспарланып отыр (Атырау облысы - 29 тонна, Батыс Қазақстан облысы – 4 тонна, Оңтүстік Қазақстан облысы - 265,5 тонна).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу