Қала тұрғындарына оң жақ съездердің жабылғаны туралы ескертіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ш. Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында оң жақ съездері толық жабылып, жөндеу жұмысы жүргізілуде.
Осыған байланысты биыл 30 мамырдан 1 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу