Елордада Ақбұлақ өзенінің жағалауы салтанатты түрде ашылды

404

Қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, ал аниматорлар кішкентай бүлдіршіндердің көңілін көтерді. 

Елордада Ақбұлақ өзенінің жағалауы салтанатты түрде ашылды Фото: Bizmedia.kz

Елорда күніне орай "Алатау" спорт сарайының жанындағы алаңда Ақбұлақ өзенінің жағалауы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мұндай іс-шаралардың ашық аспан астында өткені керемет. Біз жақын жерде тұрамыз. Жалпы, маған Елорда күні ұнайды, қала күн санап өзгеруде, көптеген қызықты іс-шараларға баруға болады, дегенмен бұл ылғи да мүмкін емес", - деп бөлісті астаналық Александра Феоктистова.

Іс-шараның ерекшелігі – кез-келген адам өз тілегін білдіре алатын алғыс тақтасы қойылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тақтайға ата-анаға, балаларына, жұбайына, қалаға, әлемге "рақмет" деп жазуға болады. Сондай-ақ әкімдік хабарлауынша, Байқоңыр ауданында өткен іс-шарада меценаттар әлеуметтік осал топтардың балаларына маусымдық киім сатып алуға сертификаттар табыс етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу