Елордада әкімшілік ғимараттан 200-ге жуық адам эвакуацияланды

764

Елордада әкімшілік ғимараттан өрт шығып, 200-ге жуық адам эвакуацияланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті.  

 Елордада әкімшілік ғимараттан 200-ге жуық адам эвакуацияланды

Ведомство дерегінше, бүгін сағат 13:30-да елорданың Есіл ауданында, Қабанбай батыр даңғылы 17 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінің еке құрамынан 26 маман мен 5 техника жіберілген.

"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін көлік тұрағында түтіндеу орын алғаны, электр қалқанының сымдары алдын ала тұйықталғаны анықталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін әкімшілік ғимараттан 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Ауди маркалы бір көлік қауіпсіз жерге шығарылды", - деді департаменттен.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу