Елордада АҚИҰ штаб-пәтері ашылды

859

Іс-шара аясында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен АҚИҰ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  

Елордада АҚИҰ штаб-пәтері ашылды

"Астана" халықаралық қаржы орталығының ғимаратында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) штаб-пәтерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімге ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Нұрбек Дайырбеков, АҚИҰ Бас директоры Ерлан Байдәулет, сондай-ақ Бангладеш, Буркина-Фасо, Гамбия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшы қызметкерлері және Қазақстанда аккредиттелген ИЫҰ мүше елдердің елшілері қатысты.

Ш.Нұрышев өз сөзінде Қазақстан АҚИҰ қызметіне және осы Ұйымның мүшелік құрамын кеңейту бойынша жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Осы күні АҚИҰ штаб-пәтерінде АҚИҰ Атқарушы кеңесінің кезекті 4-ші отырысы ашылды, онда кездесуге қатысушылар ұйымның ИЫҰ-ға мүше елдердің Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы практикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған ағымдағы қызметі талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу