Елордада Ақмола облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

817

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында өңірлерден келген аграрлық қызметкерлер елордалық жәрмеңкелерге 5 мың тоннаға жуық өнім әкелгенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордада Ақмола облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

"Осы демалыс күндері ауылшаруашылығы жәрмеңкесінде Ақмола облысының өнімдері ұсынылды. Елордада жәрмеңкелер 21 тамызда басталды. Осы уақыт ішінде еліміздің барлық облысынан келген тауар өндірушілер қатысты.

Жалпы алғанда тауар өндірушілер мен көтерме саудагерлер елордаға 5 мың тоннаға жуық өнім әкелді. Мұндай жәрмеңкелер өнімді нарықтан төмен бағамен сатуға мүмкіндік береді. Ұсынылған тауарлардың бәрі сертификатталған және ветеринарлық бақылаудан өткен. Эпиджағдайды ескере отырып, санитарлық нормалар ескеріліп, сақталды. 

Ауылшаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысқан өңірлердің тауар өндірушілеріне және әріптестеріме алғыс айтамын! Мұндай жәрмеңкелерді, оның ішінде өз тауар өндірушілеріміздің қатысуымен өткізуді жалғастырамыз. 

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын ұстап тұру үшін бірқатар шаралар қабылданды: "айналым тетігі" жобасын жалғастырамыз, ол бойынша қатысушылардың санын ұлғайттық, сауда желілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатып алуға бөлінетін соманы ұлғайттық. Сондай-ақ ет, көкөніс, сүт өнімдеріне ірі нан пісіру кәсіпорындарымен бірқатар өндірушілермен және жеткізушілермен шарттар жасастық.

Жеке инвестициялар есебінен қалада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, нарықты жергілікті тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірқатар объектілердің құрылысы жүргізілуде. 3 көтерме-тарату орталығы, 2 жылыжай кешені, нан-тоқаш комбинаты. Сонымен қатар инвестициялық кеңесте өндірістік-азық-түлік кешенінің құрылысын қолдадық, бұл нан-тоқаш комбинаты, сүт өңдеу зауыты, көкөніс қоймасы", – деп жазды елорда әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу