Елордада Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

1906

Жәрмеңкеде Ақмола облысының 2 қаласынан және 17 ауданынан 100-ден астам ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындары бас қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынбақ.

Елордада Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

27-28 қазанда Астана қаласы "Қазақстан" спорт кешенінің алаңында Ақмола облысы ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде Ақмола облысының 2 қаласынан және 17 ауданынан 100-ден астам ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындары бас қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынбақ. Олар 373,5 млн теңге сомаға 730,5 тоннаны құрайтын өнім түрлерін әкеледі, барлық тауарлар қала базарларындағы бағалардан 15-20%-ға төмен болмақ, соның ішінде: ет және шұжық өнімдері – 174 тонна, балық және балық өнімдері – 10,2 тонна, жұмыртқа – 2,5 млн дана, сүт және сүт өнімдері – 34,3 тонна, ұн – 50 тонна, өсімдік майы – 15 мың литр, картоп – 300 тонна; басқа өнімдер – 9,5 тонна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу