Елордада Әл-Фараби даңғылы ішінара жабылды

728

Бұл туралы қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамытуы басқармасы хабарлады. 

Елордада Әл-Фараби даңғылы ішінара жабылды Фото: Inbusiness.kz

Ж.Досмұхамедұлы көшесінен Алаш тас жолына дейінгі учаске 7 тамызға дейін жабылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Ж.Досмұхамедұлы көшесінен бастап Алаш тас жолына дейінгі учаскеде Әл-Фараби даңғылында орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты 4-7 тамыз аралығында автокөлік құралдары үшін көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу