Елордада Алаш арыстарына ескерткіш ашылды

1791

Нұр-Сұлтанда Алаш арыстарына арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

Елордада Алаш арыстарына ескерткіш ашылды

Салтанатты іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысты. Ескерткіште Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бейнеленген.

Президент Алаш арыстарына арналған ескерткіштің Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай ашылуының символдық мәні зор екенін атап өтті.

"Әлихан – Алашорда үкіметін басқарған мемлекет қайраткері. Ахмет – халқымызды білім мен ғылымға жетелеп, рухани ұстаз болған әйгілі ағартушы. Міржақып – ұлт бірлігі ұранына айналған "Оян қазақ" пен тұңғыш қазақ романының авторы, көрнекті қаламгер. Үш қайраткер де – бірегей тарихи тұлғалар. Бұл ескерткіш – барша Алаш ардақтыларына деген құрметіміздің көрінісі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу