Елордада алаяқтық жолмен ойын приставкасын иемденген бойжеткен анықталды

416

Полицияға алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша елорда тұрғыны арызданған, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада алаяқтық жолмен ойын приставкасын иемденген бойжеткен анықталды Фото: baq.kz

Тергеу барысында, жәбірленуші Olx.kz сайтында Sony PlayStation 5 ойын приставкасын жалға беру туралы хабарлама орналастырғаны белгілі болды. Оған ойын консолін жалға аламын деп хабарласқан жас қыз, екі күнге төлем жасап, приставканы алып кеткен. Алайда жалға алу мерзімі өткен соң жалға алушы телефонын өшіріп, байланысқа шықпаған. 

Алматы ауданы полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы Қызылорда тұрғынын анықтады. Бойжеткен приставканы ломбардқа тапсырғанын мойындады. Келтірілген шығын 500 мың теңгені құрады. 

Сондай-ақ, күдікті ұқсас айла-тәсілмен бірнеше елордалықты алдағаны белгілі болды. 

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдеме тәркіленді. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу