Елордада алдағы демалыс күндері екі облыстың ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

1309

Жәрмеңке аясында бауырсақ және қымыз фестивалі сондай-ақ, облыстардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.  

Елордада алдағы демалыс күндері екі облыстың ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Осы демалыс күндері Астана қаласының 20 жылдық құрметіне Қарағанды және Қызылорда облыстары шаруаларының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы алғанда шамамен 1000 тонна өнім әкелуді жоспарлап отыр, соның ішінде ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, көкөніс, жемістер және т. б.  Жәрмеңке әдеттегідей "Қазақстан" СК жанындағы алаңда (Қ. Мұнайтпасов 9) өтеді. Онда ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер және "Корпорация Қарағанды – НАН", "Нәтиже Сүт Фабрикасы" ЖШС, "Евразиан Фудс" АҚ, "Бидай НАН" ЖШС, "Фирма Тұлпар" ЖШС өз өнімдерін әкеледі.

Жәрмеңке аясында бауырсақ және қымыз фестивалі сондай-ақ, облыстардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу