Елордада алдағы күндері жауын-шашынды болады

629

Елордада алдағы күндері жауын-шашынды болады

Жақын күндері жаңбыр жауып, тұман түседі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін елордада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

"Ертең, 27 наурызда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +4...+6°С құрайды", – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу