Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің XX Хатшылығының отырысы өтіп жатыр

773

Бүгін Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің XX Хатшылығының отырысы өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.  

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің XX Хатшылығының отырысы өтіп жатыр

Съезде ҚР Парламенті Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етті. 

"Біз бүгін алдағы форумға қатысты бірқатар ұйымдастыру мәселелерін талқылап, тағы бір пысықтап алу үшін жиналып отырмыз. Алдымен VII Съезді ұйымдастыру жолында бірлесіп атқарған ауқымды жұмыстарыңыз үшін баршаңызға шын көңілден алғысымызды білдіреміз. Биылғы Съезд әлем үшін тарихи және бірегей оқиғаға айналады десек, артық бола қоймас", – деді Сенат Төрағасы.

Спикер бұл коронавирус пандемиясы басталғалы бері алғаш рет өткізіліп тұрған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі екенін атап өтті. 

Сенат Төрағасының пікірінше, форум тек пікір алмасу ғана алаңы болмай, қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің жауаптарын табуға өз үлесін қосады деп күтілуде. 

"Съезд рухани көшбасшыларға тікелей сұхбат құруға, дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайтудың маңызды мәселелерін бірлесіп қарауға, сондай-ақ әлемді алаңдатқан өзекті проблемаларды шешу жолдарын талқылауға үлкен мүмкіндік береді", – деді Мәулен Әшімбаев.

Атап өту керек, Елордада 14-15 қыркүйек күндері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтеді. Оған 50 елден 100-ден астам делегация өкілдері қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу