Елордада әлемнің 27 елінен еріктілер жиналады

149

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің мақсаты — тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы волонтерліктің рөлін белгілеу және Азия елдеріндегі мәдениетаралық диалогын нығайту. 

Елордада әлемнің 27 елінен еріктілер жиналады Фото: weproject

Астанада әлемнің 27 елінің еріктілері Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) қозғалысының көшбасшылар слетінде бас қосады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АӨСШК мақсаты  Сондай-ақ кездесу маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған алаң болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ол ағымдағы жылдың қазан айында АӨСШК-нің VI саммиті барысында айтылған Президенттің бастамасымен өтеді.

Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың, АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чжан Лианның, Сыртқы істер министрлігі және Астана әкімдігі өкілдерінің қатысуымен ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

Кездесуде алдағы слет бағдарламасы, қатысушылардың логистикасы, ұйымдастырушылық-техникалық сәттер мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

АӨСШК еріктілер слеті 3-4 қазанда Астанада өтетінін естеріңізге салай кетейік. Азияның 27 елінен 400 белсенді қатысады. Олар үшін тақырыптық панельдік сессиялар, білім беру және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар слет шеңберінде АӨСШК Жастар кеңесінің VIІ отырысы жоспарланған, оның қорытындысы бойынша волонтерлікті дамыту бойынша бірлескен ұсынымдар қабылданатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу