Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын қалыптастыруға талдау жүргізіледі

628

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын қалыптастыруға талдау жүргізіледі

Комиссия құрамында монополияға қарсы органның, Экономикалық тергеу департаментінің, Нұр-Сұлтан қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің және т.б. өкілдері болды.

Елордалық монополияға қарсы орган Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп азық-түлік ритейлі нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау туралы баяндады.

Сауда объектілерінің, атап айтқанда, көкөніс базарларының, үй жанындағы дүкендердің және Нұр-Сұлтан қаласының басқа да сауда объектілерінің қызметінде тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасау белгілерін белгілеу бойынша іс-шаралар өткізілді

Анықталған бұзушылықтар Комиссияның қарауына шығарылады. Кәсіпкерлердің іс-әрекеттерінде сауда қызметі саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілері анықталған кезде тиісті шаралар қабылданады.

Айта кетейік, комиссия отырысы апта сайын өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу