Елордада карантин кезінде ірі сауда желілері бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үстемақысыз – өз бағасымен сатып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Magnum сауда желісі карантин кезеңінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар өнімдерді өз бағасынан арзанға сатады. КеңMart гипермаркеті 1 сәуірден бастап 130 тауардың бағасын 5%-ға төмендетті; картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат өз бағасымен сатылады.
Елорда әкімдігі нарық қатысушыларымен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Елордада тұрақтандыру қоры құрылып, бөлшек сауда желілерін жеңілдетілген несиелеу бойынша жұмыс жүргізілді – "айналым механизмі" жобасына бірқатар ірі сауда желілері мен базарлар қатысуда. Осылайша, қала әкімдігі нарық қатысушыларына қолдау көрсетуде.