Елордада әлеуметтік осал топқа жататын 9 мыңға жуық адам оңалтудан өтті

853

Қалада 28553 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген.

Елордада әлеуметтік осал топқа жататын 9 мыңға жуық адам оңалтудан өтті

Барлық емханаларда оңалту қызметіне арналған бөлімдер мен кабинеттер бар. БМСК ұйымдарында оңалту қызметін ұсыну үшін 142 күндізгі төсек-орын орналастырылды. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов қалалық мәслихат отырысында айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ағымдағы кезеңде қалада 28553 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Олардың 6226-сы ерекше қажеттіліктері бар балалар (22,8%).

"Тәулік бойғы стационарлар аясында 100 төсек-орын ересек тұрғындарды оңалту (ерте және кеш), 354 төсек-орын балаларды неврологиялық, травматологиялық, ортопедиялық және кардиохирургиялық профильдер бойынша қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту үшін бөлінген.

Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы кезеңде 6049 ересек тұрғын сауықтыру шараларынан өтті.

"Амбулаториялық деңгейде 4433 мүмкіндігі шектеулі жандарға (49,4%), күндізгі стационар деңгейінде 1847 (20,6%), тәулік бойғы стационарларға - 1447 (16,1%) оңалту шаралары жүргізілді. Оңалту курсынан өткендер арасынан 1256 мүмкіндігі шектеулі жан әлеуметтік қызметкерлердің қызметтерімен қамтылған және 1280 мүгедектерге психологтар кеңес берді", - деп толықтырды Тимур Муратов.

Сондай-ақ қала әкімдігі мен басқарма арқылы 738 мүмкіндігі шектеулі ересектер кеңсесі санаторлық-курорттық емделуге жіберілді.

Мүгедектердің барлық санаттары халықтың әлеуметтік осал топтарының санаты ретінде медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде диагностикалық тексерулердің толық спектрі мен тегін дәрі-дәрмектер алады.

Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда No1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы базасында 50 күндізгі күтімге арналған жүйке-психиатриялық оңалту орталығы ашылды.

Сонымен бірге БМСК ұйымдарында күндізгі типтегі оңалту орталықтары жұмыс істейді. Олар негізінен церебралды параличі бар балаларды сауықтыруға арналған.

Мамандандырылған балалар үйінде жүйке патологиясымен (церебральды паралич) балаларға арналған оңалту бөлімі жұмыс істейді.

Биыл барлығы 2882 бала оңалту курсынан өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу