Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұтұлы Орталық коммуникациялар алаңында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Жыл басынан бері 1 млн 215 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 3 млн шаршы метрге жеткіуіміз керек. Бұл шамамен 40 мың пәтер, оның ішінде 6 мың пәтер мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі", - деді қала басшысы.
Сонымен қатар, биыл ұзақ уақыт бойы салынып, құрылысы бітпей жатқан нысандар пайдалануға беріледі, деп сендірді әкім.
"Нұрлы жер" бағдарламасының аясында екінші кезекте тұрған 16 проблемалы нысанды пайдалануға биыл береміз, яғни 4 мың үлескер жарты жыл ішінде пәтерлерінің кілтін алады", - деп түсіндірді Ж.Махмұтұлы.