Елордада алғаш рет балалар тауарларының жәрмеңкесі өтеді

649

Балалар мен мектеп тауарлары мен қызметтері индустриясын қолдау және дамыту ретінде жыл сайын жәрмеңке өткізу жоспарлануда.

Елордада алғаш рет балалар тауарларының жәрмеңкесі өтеді

Елордада алғаш рет EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында 17-21 тамыз аралығында "Kids EXPO. Балалар әлемі" тақырыбында балалар тауарларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Шараны елорда әкімдігінің қолдауымен "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы ұйымдастырады.

Жәрмеңке тақырыбы: білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар сәні мен киімдері, керек-жарақтар мен аксессуарлар және басқа да бағыттар.

Елордалық балалар тауарлары мен қызметтерінің "Kids EXPO. Балалар әлемі" – тауарлар мен қызметтер нарығының көшбасшыларын біріктіретін коммуникациялар үшін мінсіз платформа.

Жәрмеңке кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру және ойын-сауық салаларының өкілдерін, балалар мен олардың ата-аналарына арналған тауарлар мен қызметтерді бір алаңда біріктіруге мүмкіндік береді.

Жәрмеңкеге қатысу-бұл шағын және орта бизнесті дамыту, тауарлар мен қызметтерді жылжыту, бренд туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ сатылымды арттыру үшін нақты мүмкіндіктер.

Іс-шараға қатысудың басты артықшылығы-экспоненттер мен келушілер үшін арнайы іскерлік және мәдени іс-шаралар бағдарламасы ұйымдастырылады, онда қазақстандық және халықаралық сарапшылармен пікірталас алаңдары, оқыту тренингтері мен шеберлік сыныптары, концерттік бағдарлама, балалар мен мектеп киімдерінің көрсетілімдері болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу