Инвесторлардың назарына. 19 сәуірде 15:00-де елорда әкімдігі қалалық прокуратурамен бірлесіп, құрылысы бітпеген нысандардың инвесторларға бағытталған жәрмеңкесін өткізеді.
Шараның мақсаты – Астана қаласында құрылысы тоқтап қалған проблемалық нысандарды салып бітіру, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеде сегіз тұрғын үй кешені ұсынылады:
1. "Араби-2" ТК – Ж. Тархан және А. Жұбанов көшелерінің қиылысы;
2. "Скай сити" ТК, Комсомольский тұрғын алабы;
3. Қорғалжын тас жолы ауданындағы "Алға Самал" ТК;
4. "Байтау" ТК ( "Black gold development" ЖШС) – Мәнгілік ел даңғылы;
5. Сарыарқа және Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан "Столичный-2" ТК;
6. Қорғалжын тас жолы ауданындағы "Үміт береке" ТК;
7. Қосшы кентінде (Ақмола облысының Целиноград ауданы) орналасқан "Альбаракат" компаниясының "Жайлау Сити" ТК;
8. "Табысқұрылтай" ТК (Қосшы кенті, Ақмола облысының Целиноград ауданы);
Жәрмеңкеге "Атамекен" палатасының өкілдері, инвестиция комитетінің, бизнес қауымдастығының өкілдері, құрылыс ұйымдары қатысады.
Жәрмеңкеге даму келешегі зор құрылыс нысандарына қаржы құюға ниетті әлеуетті инвесторлар шақырылады. Әлеуетті сатып алушылар үшін төлқұжаттары бар нысандармен танысуға арналған материалдар дайындалды.
Жәрмеңке Ә. Мәмбетов көшесі, 22 (бұрынғы Ә. Бөкейхан көшесі) мекен-жайында (бұрынғы "Конгресс-холлдың" жанында) орналасқан "Астана бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалық институты" ЖШС әкімшілік ғимаратында өтеді.