11 мамырда өткен онлайн брифингте шаһар басшысының орынбасары Бақтияр Мәкен осылай деді.
"Бүгін ел аумағында ТЖ режимі тоқтатылды. Бірақ Нұр-Сұлтан қаласында әлі де вирус жұқтыру қаупі сақталуда. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де залалын тигізуі мүмкін. Сондықтан бұған дейін енгізілген карантиндік шектеулер сол қалпында қалады. Спорт шаралары және отбасылық шаралардың өткізілуіне рұқсат берілмейді. Сауда-ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлардың жұмысына салынған тыйым сол күйі қалады, көрмелер мен басқа да адам көп жиналатын шараларды өткізуге болмайды. Сонымен қатар діни нысандар да жұмысына кірісе алмайды", — деді Мәкен.
11 мамырда саябақтар ашылған болатын. Осы орайда қала әкімінің орынбасары тұрғындарға санитарлық нормаларды сақтай отырып серуендеу керетігін ескертті.
Табиғат Нұрболат