Елордада алимент төлемеген 13 адам жауапқа тартылды

912

Биыл 8 айда Нұр-Сұлтанда алимент төлемеген 13 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордада алимент төлемеген 13 адам жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы төрағасының орынбасары Мадина Жанасаеваның айтуынша, төленбеген алименттің жалпы сомасы шамамен 38 млн теңге.

"Қылмыстық кодекстің 139-бабына бойынша кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алиментті өндіріп алу туралы сот шешімін 3 айдан аса уақыт орындамағаны және жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мұндай жағдайда адам 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады не 2 жылға дейін бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады", - деді Мадина Жанасаева.

Ол алимент төлемегені үшін сотталған 13 адамның онына қатысты сот үкімі күшіне енгенін атап өтті.

"Оның ішінде 9 борышкерге бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды, ал 1 борышкердің бас бостандығы 6 айға шектелді. Сондай-ақ 7 борышкерге тұрақты жұмысқа орналасуға 1 ай уақыт берілді, олар жазасын өтеу барысында 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады", - деді өңірлік палата төрағасының орынбасары.

2021 жылғы үшінші тоқсанында 11 қылмыстық іс қозғалып, олар бойынша үкім шығарылған.

Борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмысы Сарыарқа және Алматы аудандарының прокурорларымен бірлесіп жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу