Елордада Altyn Shipager сыйлығын табыстау рәсімі өтеді

611

Елордада Altyn Shipager сыйлығын табыстау рәсімі өтеді

14 маусым күні Бейбітшілік және келісім сарайында, елорданың 20 жылдығы мерейтойы және "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында медициналық қызметкерлер күніне орай "Елорда денсаулық сақтаудың 20 жылдығы, жетістіктері мен келешегі" атты ауқымды салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараның басты оқиғасы бұрын-соңды болмаған алғаш рет медициналық "ALTYN SHIPAGER" сыйлығының табыстау рәсімі болып келеді.

Аталмыш іс-шара отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді.

Бұл салтанатты жиын үздік дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетуге арналады. Іс-шараға денсаулық министрі Елжан Біртанов, қала әкімі Әсет Исекешев, мәжіліс депутаттары, ДДСО өкілдері, ғалымдар мен олимпиада чемпиондары шақырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу