Елордада "Арқар" көпірі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

737

Момышұлы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысы толық жабылды.

Елордада "Арқар" көпірі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен "Арқар" М-1 көпірінің және Момышұлы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысы толық жабылғанын мәлімдейді, деп жазады inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Арқар" М-1 көпірі мен жол қиылысы орташа жөндеу жүргізу үшін 2 қыркүйек 20:00-ден 5 қыркүйек 06:00-ге дейін жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз", – делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу