Кеден органдарының мәліметі бойынша, Нұр-Сұлтанда Армения Республикасынан әкелінген 1387 көлік тіркелген. Бұл туралы әкімшілік полиция басқармасы хабарлады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Оның ішінде сол жақ рульді 776 көлік (оның 64-і оң жақ рульден сол жағына ауыстырылып қайта жабдықталған) Нұр-Сұлтанда уақытша тіркелген. 194 көлік Нұр-Сұлтанда басқа аймақтарға тіркелді.
490 көлік Нұр-Сұлтан қаласында уақытша тіркеусіз пайдаланылуда. Оның ішінде 295 көлік оң рульдік басқарудан сол жағына ауыстырылды (қайта жабдықтауға және кейін тіркеуге құқық беретін құжаттары жоқ, олар зертханалардың іске қосылуын күтуде); 42 оң жақ рульді, 143 сол жақ рульді көлік тіркелген жоқ.
Сондай-ақ тексеру барысында екі көлік Армения Республикасына экспортталғаны, екі автокөлік қосалқы бөлшектерге сатылғаны, 114 көлік қалада жүргізілмейтіні анықталды.