Елордада арнайы техника құрастыратын зауыттың екінші кезеңі іске қосылады

492

"Астана – жаңа қала" АЭА индустриялық паркі аумағында орналасқан жобаның жалпы құны 8,8 млрд теңгені құрайды.  

Елордада арнайы техника құрастыратын зауыттың екінші кезеңі іске қосылады

Алғашқы кезеңде кәсіпорында жылына 11 800 бірлік арнайы техниканың бөлшектерін құрастыру, сырлау және дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. Ал екінші кезең толық іске қосылғанда жылына 10 мың толыққанды дайын жүк және мамандандырылған техника шығару көзделіп отыр жеп жазылған ИИДМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Шетелдік инвестиция тарту арқылы іске қосылған зауыт 250-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. 

2021-2025 жылдары жүзеге асырылатын жобаның қазіргі таңда екінші кезеңін іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, зауытта көлік құралдарын дәнекерлеу, бояу және құрастыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар арнайы мамандандырылған техникалардың тестік сынамалары да жинақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу