Елордада ашық аспан астындағы музей жазғы маусымға орай жұмысын бастады

428

Жиырма жылдан астам тарихы бар мәдени орыннан еліміздегі көрнекті ғимараттар мен өңірлердің табиғатын тамашалауға болады.

Елордада ашық аспан астындағы музей жазғы маусымға орай жұмысын бастады Фото: gov.kz

Бүгін Астана қаласында ашық аспан астындағы музей жазғы маусымға орай ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешені макеттер арқылы Астана, Алматы, Шымкент секілді республикалық маңызы бар қалалар мен еліміздің өзге де өңірлерін шағын етіп көрсетеді.

Кешен Маңғыстау өңірінен басталып, Қызылорда облысынан аяқталады. 

Еліміздегі 17 облыс, 3 қала және 49 көлді тамашалауға шамамен 1 сағаттай уақыт кетеді.

"Бүгін "Жанұя" отбасы институын қолдау орталығынан "Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориальды кешеніне экскурсияға 100-ден аса көпбалалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және мүгедектігі бар балалар мен ата-аналар келді. Олар еліміздің сәулет өнерімен, тарихи және мәдени ескерткіштерімен танысып жатыр", - деді "Астана қаласының Бірлескен мұражайлар басшысының міндетін атқарушы Самат Тергембаев.

Мұнда экскурсоводтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізеді.

"Мұнда екі баламмен келдім. Экскурсоводтар әр өңір туралы қызықты әрі пайдалы ақпараттармен бөлісті. Маған мұнда, әсіресе, Астана, Алматы қалаларының және Маңғыстау өңірінің макеттері ұнады. Жұртшылық назарына ұсынылған жәдігерлер өте жақсы жасалған. Бұл орынға алғаш рет келіп тұрмын. Бүгін Атырау, Ақтау макеттерін көрген соң сол өңірлерге барғым келіп кетті. Алдағы уақытта отбасымызбен бірге баратын боламыз", - деді елордалық көпбалалы ата-ана Сұлушаш Тұрлан.

Мемориалдық кешен күн сайын таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал әр аптаның дүйсенбі күні демалыс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу