Елордада ашық аспан астындағы отбасылық демалыс орны пайда болды

841

Балалар үшін арнайы хоккей алаңы жасалған.

Елордада ашық аспан астындағы отбасылық демалыс орны пайда болды

Елордада отбасылық демалыс үшін мұзды қалашық, ашық аспан астындағы ерекше галерея пайда болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Ботаникалық бақ қаламыздың ерекше орындарының бірі. Болашақта бұл жер Нью-Йорктің Гайд паркі сияқты керемет жасыл парк болады деп ойлаймын. Біз бақты безендірген кезде бұл жерде адамдар отбасымен уақыт өткізгісі келетіндей етіп жасауға тырыстық. Ботаникалық бақты ерекше, қызықты безендіруге тырыстық. Бірінші аймақта суретке түсу үшін көптеген жер бар. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы галереямыз,  шағын сәулет нысандары да бар. Жаңа жылдық шыршаның артында суретшілеріміз салған суреттер бар. Мерекелік атмосфера сезіліп, мүлдем басқаша қабылданады",– дейді креативті директор Кристина Бекмұрзаева.

Ал екінші аймақты аққалалар тартымды етпек. Қазір онда 300 аққала бар.

"Қала тұрғындары аққала санын арттыруға көмектессе нұр үстіне нұр болар еді. Біздің жұмысымыздың басты қағидаттарының бірі-бұл партисипативті тәсіл. Сондықтан қала тұрғындары атсалысып, ботаникалық бақты безендіруге өз үлестерін қосады деп үміттенеміз",– дейді Кристина Бекмұрзаева.

Сондай-ақ, балалар үшін арнайы кішкентай хоккей алаңы жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу