Елордада Astana Marathon-2021 басталды

909

Биыл жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Елордада Astana Marathon-2021 басталды

Елордадағы EXPO алдындағы алаңда жексенбі күні таңертең салауатты өмір салтын ұстанатындар қатары қарая бастады. Адамды сергітетін музыка, жаттығу, тіркелу және ең бастысы жыл сайынғы Astana Marathon 2021 халықаралық марафоны жалауын желбіретті. 

Бұл марафонға 18 жастан асқан екпе алған және ПТР-анықтамасын ұсынған 16 жастан асқан желаяқтар ғана қатыса алады. Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл марафоншылар саны қатаң шектелді. Бұл ретте қатысушыларды қабылдау "Ashyq" жүйесі арқылы жүзеге асырылды. Ал санитарлық нормалар толық сақталады.

Марафонды ұйымдастыру ісін қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы қолға алды.

Astana Marathon-2021 аясында екі қашықтық көзделген: 18 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 42.2 км, ал 16 және одан жоғары жастағы қатысушылар үшін 10 км. 

Қатысушылар EXPO алдындағы алаңда белгіленген орынға бір сағат бұрын жинала бастады. Таңертеңгі сағат 6-дан бастап олар жылынып, әлеуметтік қашықтықты ұмытпастан жаттығулар жасады. Ал ұйымдастырушылар шай немесе кофе ішіп, жылынуға болатын фудкорт ұйымдастырды.

Айта кету керек, биылғы марафон қатысушылар үшін ерекше болмақ, өйткені биыл ол "қола" статусына ие.

Bronze Label Road Races 2019 жылғы қарашада World Athletics ұйымы тарапынан беріліп, ТМД аумағында Astana Marathon осындай статусқа ие болған алғашқы және жалғыз марафон өткізді. 2018 жылдан бастап Astana Marathon Халықаралық марафондар мен желаяқатар қауымдастығының (AIMS) құрамына кірді, ал 2020 жылдан бастап Abbott World Marathon Majors Wanda Age Group жас ерекшелік топтарында марафоннан әлем чемпионатының біліктілік тобына енді.

Өз күшін сынау үшін марафонға Қазақстан өңірлерінің тұрғындары ғана емес, өзге елдердің азаматтары да келді.

"Көптен бері спортпен дайындалған жоқпын. Сондықтан бүгін 10 км ғана жүгірейін деп шештім. Бұл үлкен іс-шара", – деп бөлісті Швециядан келген қатысушы Мартин.

Қатысушылар 10 км қашықтықта Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік Ел – Рысқұлов бағыттары бойынша жүгіреді.

Ал 42.2 км қашықтықта жүгіру келесі бағыт бойынша өтеді: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов – Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Нұрмағамбетов – Байтұрсынов – Қошқарбаев – Жұмабаев – Момышұлы – Абылай хан – Қажымұқан – Жұмабаев – Қошқарбаев – Қонаев – Қазақ радиосы – Достық – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.

"Елордадағы марафон – көңіл-күйді көтеретін, сергітетін орын. Өзім 2018 және 2019 жылдары өткен марафондарға қатысқанмын, сондықтан тәжірибем бар. Біз бұл іс-шараны көптен күткен едік. Бүгін аз қашықтықта жүгіремін, қатысуға соңғы сәтте бел будым. Кеше ғана достарымның көбі тіркеле бастады, олардан қалмайын деп мен де үлгеріп қалдым. Енді міне осында тұрмын", – деді елордалық Әлия.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара қайырымдылық шарасы болып саналады. Осылайша 2009 жылдан бастап Astana Marathon ұйымдастырушылары қазақстандық қайырымдылық ұйымдарына 37 млн теңгеден астам қаражат жинады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу