Елордада "Astana Marathon-2021" кезінде бірнеше көше жабылады

933

Елордада 26 қыркүйек күні "Astana Marathon-2021" өтеді. Осыған байланысты жүгіру бағыты толық немесе ішінара өтетін көшелер жабылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада "Astana Marathon-2021" кезінде бірнеше көше жабылады

"Astana Marathon-2021" марафонын өткізуге байланысты 26 қыркүйекте сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жүгіру бағыты бойынша көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Осы уақытта жүгіру бағыты өтетін көшелер толығымен немесе ішінара жабылады. Желаяқтар екі қашықтық бойынша жүгіреді: 10 км және 42,2 км.

10 км қашықтықта өтетін бағыт: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік Ел – Рысқұлов бағыты бойынша өтеді.

42.2 км жүгіру келесі бағыт бойынша өтеді: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов – Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Нұрмағамбетов – Байтұрсынов – Қошқарбаев – Жұмабаев – Момышұлы – Абылай хан – Қажымұқан – Жұмабаев – Қошқарбаев – Қонаев – Қазақ радиосы – Достық – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.

Сонымен қатар марафонды өткізу аясында сағат 07:00-ден 14:00-ге дейін 57 қозғалыстағы қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді. 

Сондай-ақ 7 бағыттың қозғалысы тоқтатылады: №15, №15а, №18, №32, №47, №50, №323.

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша қоғамдық көліктің жұмысы көшелер ашылғаннан кейін қалпына келтіріледі.

Маршруттардың қозғалыс схемасын "City Transportation Systems" компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасынан табуға болады: @cts_kz.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу