Елордада Astana Media Week өтіп жатыр

747

Атаулы шара үш күнге созылады.

Елордада Astana Media Week өтіп жатыр Фото: inbusiness.kz

Жеті жыл қатарынан өткізіліп жатқан Astana Media Week 2023 бүгін өз шымылдығын ашты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Онда Қазақстан мен шетелден келген медиа индустрияның жетекші сарапшылары жылдам өзгеретін медиа орта контекстінде дəстүрлі медиа алдында тұрған өзекті сын-қатерлерді талқылайды.

Отандық сарапшылармен медиа диалогқа арнайы шақырылған қонақтар – ұлттық ведомстволар мен телеарналардың басшылары, Түркия, Корея, Əзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан жəне Ресейден келген танымал журналистер мен продюсерлер қатысады.

Жиынның бірінші пленарлық отырысын ашқан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің бейне хабарлауында Astana media week-тің отандық медиаиндустрияны дамытуға игі әсерін жоғары бағалады. 

"Бұл жиынға жыл сайын шетелдік беделді тұлғалар, сарапшылар мен білікті медиа мамандары арнайы қатысуы Astana media week-тің  еліміздің ғана емес, жалпы медиа кеңістігінде бірегей алаңға айналғанының айғағы деп білемін. Мемлекет бұқаралық ақпарат құралы саласындағы заңнаманы жетілдіруге ерекше көңіл бөліп отыр. Сонымен қатар, биыл мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудың негізгі бағдарын айқындайтын тұжырымдамалық құжат – ақпараттық доктрина қабылданды. Медиа саласы қоғамдық өмірдің барлық салаларына әсер ететіні белгілі. Салада үздіксіз трансформация мен цифрландыру, жаңа платформалар, коммуникация құралдары мен хабарламаларды беру әдістері жаңарытп отырады. Бұл БАҚ-ты жаңашылдыққа бейімдеуге, үнемі дамып, жаңғырып отыруға жетелейтіні анық", - деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Сонымен бірге, жылдам өзгеріп, қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық әлемде дәстүрлі БАҚ-тың мәселелерін шетелдік сарапшылармен бірге талқылайтын бірегей алаңға айналғанын ерекше айтып өтті.

Astana Media Week 2023 шеңберінде цифрлық сауаттылық, деректерді қорғау, əлеуметтік желілердегі этика тақырыптары қаралады. Сарапшылар бұқаралық ақпарат құралдарындағы медиа өлшемдер мен жарнама тақырыбын, жалған ақпаратты таратуға жəне жарнамадағы манипуляцияларға қатысты мəселелерді талқылайды.

Апталық медиа форумның басты оқиғаларының бірі – заманауи медиа кеңістікте өз орнын тапқан өкілдері өз ойымен бөлісетін Media Talks бейресми конференциясы. Конференция барысында хайп, кликбейт жəне фейктер, сондай-ақ цифрлық ортадағы журналистердің жаңа этикасы мен кəсіби мінез-құлқы талқыланады. Конференция барысында режиссер жəне сценарист, Cannes World Film Festival "Үздік музыкалық клип режиссері" сыйлығының иегері Малик Зенгер, Bult House, Derekos, Qarabayr продюсері Асхат Халимов, "Əділ сөз" қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, танымал сторитейлер, белгілі блогер Диас Камериданов жəне т.б. спикерер сөз сөйлейді.

Сонымен қатар форумның екінші күні дәстүр бойынша медиа орталықтың басты залында Өңірлік БАҚ форумы өз жұмысын бастайды. Ал Медиа апталықты баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы "Үркер" 2023 ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау іс-шарасы қорытындылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу