Елордада ата-аналардың шағымынан кейін қазақ мектебі аралас мектепке айналып кеткен

917

Әңгіме елордадағы №89 мектеп туралы болып отыр. 

Елордада ата-аналардың шағымынан кейін қазақ мектебі аралас мектепке айналып кеткен

Әу баста қазақ мектебі болып ашылған білім ордасы қазір балаларды екі тілде оқытуда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Facebook-тегі MEDIA CLUB QAZAQSTAN тобында өтіп жатқан талқылауда бұл жайлы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай айтып берді. Талқыға білім саласының мамандары қатысқан болатын.

"Қазір қала деңгейінде 91 мемлекеттік мектеп бар. Соның ішінде 31-і таза қазақ, 8-і орыс мектебі болса, қалған мектептердің бәрі аралас. Жаңадан ашылатын мектептерге келер болсақ, мойындау керек, қаланың деңгейінде кейбір жерлерде мектеп тапшылығы бойынша мәселелер туындап тұр. Мысалы, сол жағалауда орыс тілінде оқытатын мектептердің саны аз болғандықтан, орыс сыныптарында бала өте көп. Ата-аналар да білім басқармасына келіп, сұраныстарын айтады. Орыс тілінде оқытатын сыныпты қажет етеді. Аралас мектептер осы мәселелерді ескере отырып ашылады", дейді Шәкәрім Сейсенбай.

Басқарма басшысының айтуынша, кейінгі жылдары сол жағалауда жаңадан №84, №85, №89 мектептері ашылған. №89 мектеп басында қазақ тілді болып  жұмысын бастаған. Алайда сол жергілікті тұрғындардың өздері келіп, "неге біздің қажеттіліктерімізді ескермейсіздер, орысша оқытатын балаларымызды қайда апарамыз" деп шағымданғаннан кейін, №89 білім ордасы аралас мектепке айналған.

Шәкәрім Сейсенбай осылайша, №89 мектептің тең жартысы орыс сыныптарына айналғанын айтады. Былтыр ғана ашылған сол мектепте бүгінгі күні оқушылардың саны 2 мыңнан асып кеткен. 

Аян Бекенұлы 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу