Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

811

Нұр-Сұлтанда ауа арайының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото: Мария Матвиенко

"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, 2 қарашада елордада тұман, көктайғақ және күндіз бұрқасын болады. Батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Осыған байланысты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақ болуға кеңес берді.

"Қатты жел соққанда ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеруді, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз етуді, өртке қарсы құрал-жабдықтарды дайындау керек", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ көлікті ағаштар немесе ескі құрылыс тұрғын жердер алыс қойып, үйдегі барлық терезені тығыздап жабу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу