Қала тұрғындары атқарушы органдардың жұмыстарымен танысып, қаланы дамыту және қалалық қызметтердің жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Коронавирустық пандемияға байланысты кездесулер онлайн форматта өтеді. Қатысуға, өз ауданының әкіміне немесе қала әкіміне сұрақ қоюға үшін тіркеу сілтемесі бойынша өтуі (https://nur-sultan-online.kz/) және келесі нұсқауларды орындауы қажет.
Кездесулер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, сондай-ақ ресми сайтында көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпан күні сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен қорытынды кездесу өтеді. Сондай-ақ, кездесу елорда әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, ресми сайтында көрсетіледі.
Азаматтарды қабылдау кестесімен толығырақ төменде танысуға болады.