Елордада аудан әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулері өтіп жатыр

839

"Сарыарқа" ауданының әкімі Есет Байкеннің есеп беру кездесуінде елорда тұрғындары 350-ден астам әлеуметтік маңызды мәселені көтерді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада аудан әкімдерінің халыққа есеп беру кездесулері өтіп жатыр

Қала тұрғындары тарапынан қойылатын жиі сұрақтар - қаланың көлік және коммуналдық қызметтерінің жұмысы (қар тазалау, қоғамдық көлік қозғалысының кестесі, жолдарды жөндеу және салу, абаттандыру), қала көшелерін жарықтандыру, мемлекеттік бағдарламалардағы кезектің жүруі, денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу, мүлікті жария ету мәселелері. Әр сауал бойынша жазбаша немесе ауызша түсініктеме берілді.

Келесі есепті кездесуді "Есіл" ауданының әкімі Берік Жәкенов өткізеді. Онлайн-форматтағы кездесу 1-3 ақпанда әкімдіктің YouTube және Facebook платформасында өтеді.

Айта кетейік, аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері 27 қаңтарда басталып, 5 ақпанға дейін жалғасады. Коронавирус пандемиясына байланысты кездесулер онлайн форматта өтеді. Қатысып, өз ауданының әкіміне немесе қала әкіміне сұрақ қою үшін тіркеу сілтемесі бойынша өтуі (https://nur-sultan-online.kz/) және тиісті нұсқауларды орындауы тиіс.

10 ақпан күні сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қорытынды кездесу өткізеді. Кездесу елорда әкімдігінің YouTube және Facebook ресми аккаунттарында, ресми сайтында көрсетіледі.

Есеп беру кездесулерінің кестесімен толығырақ төменде танысуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу