Елордада әуесқойлар арасында футболдан чемпионат аяқталды

903

Әр өңірден жиналған аяқдопшылар өзара мықтылық байқасқан бәсекеде қарағандылық "Биосфера" командасы үздік атанды. 

Елордада әуесқойлар арасында футболдан чемпионат аяқталды

Елордада әуесқойлар арасында шағын футболдан 6-мәрте өткізілген ел чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Әр өңірден жиналған аяқдопшылар өзара мықтылық байқасқан бәсекеде қарағандылық "Биосфера" командасы үздік атанды. Финалдық ойында кеншілер қаласынан келген ұжым сырбойылық "Зенит" клубын 2:1 есебімен жеңді. Яғни, екінші орынды қызылордалық аяқдопшылар иеленсе, үздік үштіктен тағы бір қарағандылық команда "Арселор миттал" мен астаналық "Бірлік" көрінді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздар енді өздері секілді әуесқойлар арасында өтетін Еуропа біріншілігіне қатысады.

Айта кетейік, бұл жолғы чемпионатта 32 команда бақ сынады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу